Шабыт келгенде
блог
Ақын жанын түсінема жұрт деген,
Әркімнің де, өз ойы бар,
Миларына жүктелген,
Барлығының көңілінен,
Шығу мүмкін деппең сен,
Реті келген шумақтарды,
Қағазға жаз еппенен,
Кейбіреулер өлеңнің,
Байыбына жетпеген,
Кей адамдар басынан,
Сөз асырып көрмеген,
Өткір тілің өткенде,
Өзектерді өртеген.
Бірақ соның дұрыс па?
Қызыл тілім бар деп сен,
Тіл мен жаққа сүйенсең,
Арзан әзіл қалжыңмен,
Алысқа шаппай терлесең,
Терең ойдың орнына,
Таяз суды жөн көрсең,
Жазған деген осы деп,
Құрғақ ұйқас қағазға,
Түсірумен күнелтсең,
Жақсылықты сезбесең,
Жамандықты көздесең,
Сөзің сенің сұйыйды,
Жаның сенің суйды.
Сол себепті ақыным,
Қаламыңды қайрап ал,
Шауып келген шабытты,
Парасаттың жібіне,
Бірінші сен байлап ал,
Ақ қағазға түсіріп,
Ойыңды бір жинап ал,
Мағынасыз мәтіннен,
Сапалы сөздер өлеңнің,
Құлпыртып сәнін келтірген,
Жақсы сөз жарым ырыс деп,
Жақсы өлең туғызар,
Жақсы ойлар келсе екен,
Жақсылыктың жаршысы,
Шумақтарым болса екен.
© Шиелінің жігіті
#Шиелініңжігіті #өлең #шумақ
Cуретке сілтеме: http://magichim.ru/belyj-golub-primeta/