Не деген күш жібермейтін,
Қанша жыл өтсе де өзгермейтін,
Алай-дүлей дауылдарға төтеп берген,
Жүрегімде қандай шоқ, еш өшпейтін.
Сезем, білем, кеттің сен тым алысқа,
Жүрегім санамменен көп алыспа,
Деймін де мен, іштей тынам, үндемей,
Сүйгеніңді, сүйгеніне, қия салу дұрыс па...
Жанұяң бар, бақытты деп ойлаймын,
Сонда да мен қимаймын-ау, қимаймын.
Көздеріңде ешкім ұқпас мұң бардай,
Қарай берем тоймаймын-ау, тоймаймын.
Арласпаймыз, бір қалада тұрамыз,
Алыстан-ақ сырымызды ұғамыз,
Сен отырсың үндемей,
Менде отырмын білдірмей,
Жәй әңгіме далбаса,
Сырлассақ қой оңаша,
Айтарыңды айтар ең,
Шеріңді бір тарқата.
Алматы, мамыр айы, 2012ж
©Шиелінің жігіті
#Шиелініңжігіті #Өлең
Суретке сілтеме: https://www.loyalroyal.me/vesti-sebya-v-gostyah-i-za-stolom…/