СЕНСІЗ

Сенен өзге жоқ еді еш мұң менде,
Дəрменсізбін сол сезім өшті деуге.
Көктем-көңіл бір демде күзге айналса
Сен де кешір мезгілді, кештім мен де.

Мен кешірдім, кешіккен жылдарыңды,
Бір өкініш мазалап жүр жанымды. 
Арпалысса кеудемде мұң мен жырым,
Қайсыбірін білмеймін тыңдарымды.

Тартуын тағдыр тағы тұсады ма,
Бақыттың мəні қандай құсалыға?!
Жүрегім жаурағанда сенің емес,
Тығылам қара түннің құшағына.

Бара алмаймын мен саған, келмейсің де,
Өткеннің дертін, сірə, емдесін не...
Сүймеймін сол сезіммен енді ешкімді,
Сол сезіммен ешкімді сен де сүйме..! Əлия ІҢКƏРБЕК   


Бөлісу: