Сенсің алты құрлықтан артық мекен...

 Неге екенін сен күлсең күле берем,
Сезім еді, жаным-ау, бұ не деген?!
Күнді сүйіп өзіңе қарағанда-ақ,
Түннің қара пердесін түре берем.

Неге екенін жымисаң шалқып кетем,
Осы ма еді қара жер – барқыт деген?!
Мейірімді жанарың,
Мейірлі үнің – 
Сенсің алты құрлықтан артық мекен.

Сенсің менің шуағым, қуат күшім,
Сарқылмайтын мөп-мөлдір бұлақпысың,
Сен менің мұңымды алып деміңменен 
Көкке ұшырып жіберетін сияқтысың.

Жарқырайды сен жүрген жердің бәрі
Ажарымды, аспанды көрдің бе, әні...
Жапырақ сарғаймас та еді, қурамас та еді, 
Сен сияқты болса егер елдің бәрі. 

Жұлдыз Бейсекова.


Бөлісу: