Қолдан ұстап жетектер ме ед(і) мүмкін мұң,
Келе ғой деп шақырар ме ед(і) бір күн шың?..
Кірпігімді көтере алмай өтер ме ем,
Сені кездестірмегенде, кім білсін???
Сені көріп сұлуландым, гүлдендім
Ғұмырымда осы болды — күлген күн
Сені көріп — қызыл-жасыл түрге еніп,
Бақыттың да дәмін татып үлгердім.
Сен туралы бүкіл әлем айтады ән,
Болса-дағы мұң – қанатты, қайғы — аман!
Сені көріп өлмесем деп тіледім,
Өмір сүргім келіп кетті қайтадан!
Бұрын қалай тыныстағам сезімсіз,
Бұл дүниені көргем қалай көзіңсіз?
Сені көріп гүлге айналсам әп–сәтте- ақ,
Үгітіліп, қурап қалам өзіңсіз…
Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.