Сен жыласаң...
жеке
блог
блог
Ойлауменен мен өзімді жебеймін,
Алтынмен тең ашып жазған деректі ой.
Сен жыласаң көз жас төкпе демеймін,
Анда-санда жылап тұру керек қой.
Көз жас төгу әрқашан да жаман ба,
Көңіл кірі сонымен бір жуылса.
Жылап тұру керек әрбір адамға,
Көңілінде жаман ойлар туылса.
Жүрегіңде жиып жалған, тәтті елес,
Жымиясың өңіңде де түсіңде,
Күліп жүру әрқашанда жақсы емес,
Жылап тұрса жан дүниең ішіңде.