Сары бала

Бір қайғылы оқиғаны мен айтайын, 

Үлкен мәнді сіздерге ақтарайын,

Бала болмақ бас кейіпкер хикаяда,

Сары бала өмірін ақтарайын

 

Жаны таза, ары таза баланың,

Тағдыр қылды өмірінің зардабын,

Бала ойнар , күлер әрине

Жүре алатын қабілетін аламын

 

Аппақ жүрек танылды арба ішіне!

Сары бала алдан үміт үзбеуде

Өмір ғажап, өтер жолын бір білсен

Жүріп кетер Алла бағын берген де.

 

Апайы мен ағасы зұлым еді,

Бар күнәні бейкүнәдан көріп еді

-СЕН АҚЫМАҚ, АРАМТАМАҚ! - дей тағы

Ұрып соғып, оттап күн де батқан еді

 

Бала бір күн қалған үйде өзі ғана

Шығып кеткен туысқаны жақын манға

Ой мен өзі қалған кезде,

Жың ұрғандай сәл шалқайып қалды ғана

 

Ойнап жүр ғой далада бір топ бала

Аузын ашып қызықты біздің бала

-Неткен ғажап, өмір деген - деді дағы

Жылап кетті қапа болып жанын сала

 

Жылдар өтті, мезет келді алдағы

Бір өзгермеді сол үйдің бір алауы

Сол кейіппен отыр әлі өзін алдап

Кетті үміт, бақыт мәңгі арбалап

 

Мүшелі жас, өмір-өлім арасы

Кетеді рас ақ пен қара шарасы

"Өмір түнек!" деген ойлар әрқашан

Келе берді, жүректе сөз сарасы

 

Шөлді басам деген бір ретпен ішпек болды,

Ас үйге арбасымен бір келіп алып қалды

Стақан алам деген ниет,ой білдіріп

Байқаусызда қолдан түсіп , сынып қалды.

 

Жеңгесі кеп көрді дағы бұл бейнені

Салып қалды бетінен сол уақытта

Көрген күні, сынған стақан бейнеті

-ӨЛТІР МЕНІ ӨЛТІР -деді айғайға

 

Шыдамады, қысылды бар жүйкесі 

Жыламады, қалмады бар тынысы

Кете барды, үйден алыс ендігі!

Қабір жаққа тартты оның бағдары

 

Сұрапыл жел,ыңғайсыз жол бөгемеді

Сары бала ештеңеге мән бермеді

Тау мен тасты кезіп енді дағы

Алып сезім, бар кеудені ал кернеді

 

Арба деген қиын нәрсе қиналтатын

Аяқ деген болды оны қыңжылтатын

Құлай жаздап кей жерде бала дағы

Батырлығы , осы жерден байқалатын

 

Алла сыны болды ма екен бұл кезде?

Уақыт келді ма екен сол жерде?

Арба мен тас тоғысып-ақ

Сырғып түсті, құлады кеш мезетте 

 

Сол жерінен құлап кетті жас бала

Бар өмірін қайта еске ала

Ыстық жасы түсті бала көзінен

Ажал күтті баланы ең соңында

 

Сырғып келіп тиді бала басы үлкен тасқа

Өмір кетті бір уақытта ыстық жасқа

Бір ғажабы Алланың сиқырының

Бала демі ата-ана қабірін дәл қасында 

 

Бұл оқиға ойландырар бір жағынан

Мүмкін жүрек толғанар бар жаңынан

Алла біреу, өмір біреу , соңын да

Ешкім бермес артық өмір қарасаң! 



Бөлісу: