Сағыныш назы

Сағыныш назы
жеке
блог

Отқа бөлеп жанарыңмен жандырдың,
Маған берген сыйы болдың тағдырдың.
Өзіңменен бірге болған сәтімде,
Көңілімнен кеткен барлық қайғы-мұң

Сағынамын бірге болған күндерді,
Көз ілместен сырласқан біз түндерді.
Келші,бағым,орал менің қасыма,
Тыңдамағын бізге бөтен үндерді.

Ғашықтықтың шаттығымен шалқыдым,
Сенің айтқан сөздеріңнен балқыдым.
Өзіңменен бірге болған сәтімде,
Таттым дәмін махаббат пен бақыттың.

Сағыныштан бар сырымды ақтардым,
Сені іздеп бірге жүрген бақтардан.
 Келші,бағым,орал менің қасыма,
Таппайм өзге жанды мына жалғаннан