Сағыныш

Сағыныш
жеке
блог

Түнімен жауған жаңбырды-ай
Жапыраққа келіп түнеген
Талқыға түскен тағдырдай
Ұқсаттым екен кімді мен?

Жаңбырдан кейін тыныштық 
Қырларда жаным жәй табар
Туған өлкем-ай ырыс, құт
Гүлдерін өпсем жайқалар.

Ауылым менің жел, шаңым,
Шеңгелдерім-ай, жыңғылым.
Өзге өлкенің раушаны
Сексеуіліме жетпей тұр бүгін.

Айранын тосып аузыма
Жадырап күні шықса да
Іздедім сені таусыла,
Іздедім шығым тұнса да.

Сендерден бөлді сол қиын
Кеш, кетсем күніңе жылынбай
Табаным бассам толқитын
Қиыршақтанған құмын-ай.

Жанары жасқа толып ай
Ақ сүтін төккен жолыма-ай
Туған жер деген осы ма,
Туған анаңдай, о, Құдай!

Жұлдыз Бейсек.