Сағындым

Сағындым
жеке
блог

Ақ сүтін емген ананың,

Сәбилік кезді сағындым.

«Бұзығы» болған даланың

Балалық кезді сағындым.

Алфавитті танытқан,

Әліппемді сағындым.

Бойыма білім дарытқан

Ұстазымды сағындым.

Біліммен қанат қақтырған,

Мектебімді сағындым.

Бірге өсіп, бірге ойнаған

Достарымды сағындым.

Жүргенде оқып қалада,

Кіндік қаным тамған жер

Ауылымды сағындым.

Ақыл мен кеңес беретін,

Қиындық туса кез келген

Кеңесіп бірге шешетін,

Ақ жүректі, кең пейіл

Ата-анамды сағындым.

Асығып-аңсап сағынған,

Келгенде міне, ауылға

Талай дана оқыған,

Медеу менен Көктөбе,

Талайын таң қалдырған.

Алмалы бағым әйгілі,

Студенттердің қаласы –

Алматымды сағындым.