Сәби үні!

Сәби үні!
жеке
блог

Анашым, біз қайдамыз 

Кім ол сыртта сөйлеп жатқан тоқтамай

Қараңғы ма, айналамыз 

Жыламаңыз, көз жасыңыз көрінбесінші жатқа олай 

 

Кім болса да, айта берсін, былдырлап

Неге сізді тартып барад (ы) жүр жүрлап

Ана біздер қайда бара жатырмыз

Неге айттыңыз "Кешір Алла" деп сыбырлап 

 

Айтшы анашым, қайда келдік, қайдамыз

Неге жатсыз мына жерде байланып 

Мына адамдар кімдер өзі қаптаған

Пышақ, қайшы неліктен тұр сайланып 

Мен қорқамын, кетейікші бұл жерден 

Барайықшы саябаққа мен көрген 

Тұрыңызшы, есіңізді жиыңыз

Шығайықшы мына қорқынышты бөлмеден

 

Ана... 

Ана... 

Тұрыңызшы...

Неге жатсыз оянбай? 

Әлгі адам не істеп кетті, дуалап бір қойғандай

Міне тағы келді қайтып әлгі адам 

Өзі жайлы ойлағанымды сезіп шіркін қойғандай

Айтып жатыр тағы сөздер түсініксіз

Еміс еміс естілуде тек маған 

Жо жоқ ана... 

Олай жасай көрмеңіз...

Күнә ғой ол, күнә арқалап жүрмеңіз

Бала деген мәні емес пе өмірдің?! 

Өтінемін... 

Өтінемін анашым... 

Өтінемін, мені алдыра көрмеңіз! 

Мен тәртіпті бала болам өскенде 

Шағым айтып келмес сізге еш пенде

Жаныңыздан табыламын әр қашан 

Сізді арқалап алып барам Меккеге 

Алдыңызда қарызымды өтермін

Болмаймын да мен сіз үшін масыл тым 

Сіз жасаған күнәларды кешсін деп 

Тек сіз үшін күнде дұға етермін

 

Әттең, естілмейді сәби үні анаға

Обал қылды-ау, туылмаған балаға

Дәрігер келіп баланы алып тастады 

Ақша деген не істетпейді адамға 

Бала - бакыт

Бала - байлық 

Бала деген қуаныш 

Әлі өмір есігін де ашпаған 

Жас сәбиді, мезгілінен тым ерте 

Дәл осылай өлтіруге бола ма?!