Сәби кетіп барады...
жеке
блог
блог
Сәби кетіп барады жағалауда,
Теңіз асып, өзге елді паналауға.
Өз анасын, Отанын көре алмай,
Өзге жанды амалсыз аналауға.
Сәби кетіп барады балпаңдаған,
Екі көзі мөлдіреп, жалтаңдаған.
Шетелдіктер шертіп тұрып алып жатыр,
Базардағы әйелдей бал таңдаған.
Сәби кетіп барады шет ел асып,
Талай-талай асулардан кетер асып.
Мазалайтын бір сұрақ қай өңірде,
Қай ананың құшағы екен ашық.
Ел емеспе -ек ұрпағымен мақтанатын,
Балаларым байлығым деп шаттанатын.
Сәби кетіп барады балапандай
Дірілдетіп қатпаған ақ қанатын.
Сәби өтіп барады шекарадан,
Сезіне алмай махаббат пен леп анадан.
Бір тілерім бақытты күн кешіп мәңгі,
Қай жерде де аман жүрсін, деп Алладан.
Ернар Жақсыбаев