Демалыста бітіп қалды үш күндік,
Өмір деген жалған екен бес күндік.
Не жетпейди бұл өмірде,
Жауабы жоқ үнсіздік,
Жақындардың жандарына,
Жара салу бір сұмдық,
Бағаларын біле тұра,
Бағаламау зұлымдық.
Ыдыс-аяқ сыңғырынсыз, арасында болмайды,
Жамандықтың ізі терең кетпес үшін,
Кінәлі адам кешірімін сұрайды,
Ескі вагон рельстермен зулайды,
Ұйкы орнына көңілімді,
Қайғы мен мұң баурайды.
© Шиелінің жігіті
#Шиелініңжігіті #өлең #шумақ
P.S: Жаңа жылдық демалыстан кейін ауылдан қайтып келе жатқан кез
Сурет https://www.stihi.ru/2010/11/18/1530 сайтынан алынған