Поэзия, менімен егіз бе едің?

Поэзия, менімен егіз бе едің?
жеке
блог

Поэзия, менімен егіз бе едің?

Келеді сенен ғана ем іздегім.

Сені өзгеден қорғаштап, жамандатпай

«Еріккеннің ермегі» дегізбедім.

Поэзия, сен менің ішімдесің,

Айбатымда, сенімім, күшімдесің.

Айтшы маған,

Қалайша бас тартамын?

Басыма сені бақ қып түсіргесін.

Сен бәрінен ерекше жаралғансың

Түсінбесе аңқаулар түсінбесін.

Түсінбесін көңілдің күпті күйін,

Ал оларды түсіну тіпті қиын.

Жан-дүниемді дұрыстап білмей, маған

Ойларынан өзінің тікті киім.

Бір тілегім: шабытым тоқтамасын,

Мейлі, түгел дүнием жұтта қалсын.

Өзің барда байлықтың керегі не?

Поэзия!

Сен мені құтқарасың!