Өзіңді ойлауды доғара алмаймын...

Өзіңді ойлауды доғара алмаймын...
жеке
блог

Өзіңді ойлауды доғара алмаймын

Бұл кінәм болса кеше гөр

Демімді де ақтық саған арнаймын,

Беткейге бұлтпен көше бер.

Аспанның үсті – ой-санам шығар,

Аспан астында - мен бармын.

Жер астын – мұңым бойлаған шығар

Жетпегенім боп сен қалдың.

Көшіңе ілесіп кетсең де ұзақ

Дерегіңді айтты бұлт маған

Әйнегіңе жел жеткенде құлап,

Жеткен-ді күткен сыр маған.

Айға қаранып таранғанымда

Түн аспанына сүйсіндің.

Жұлдыз – жібекке оранғанымда

Бір тылсым барын түйсіндің.

Таңда әппақ тағы шыққа бөліндім

Күн болып ашып көзімді

Ашық аспан боп жұртқа көріндім.

Сәуле боп сүйіп өзіңді

Өзіңді ойлауды доғара алмаймын

Басқаша қайдан келсін ой

Құрлықты қойып жоғала алмаймын,

Әлем дегенің сенсің ғой.

                                                          Жұлдыз БЕЙСЕК