Отбасым

Отбасым
жеке
блог

Көзімді ашсам,жарқырап тұр алтын күн,

Жүр екенмін ішінде мен бір бақтың.

Қайда жүрмін деп ойладым,таңданып,

Ортасында тұр екенмін жұмақтың.

 

Олар мені аймалады,қорғады,

Кей кездерде жанымды от жалмады.

Бірақ мені қорғаштаған әрдайым,

Таныдым мен өзімнің ата-анамды.

 

Енді білдім анашымның күн екенін,

Енді білдім әке екенін самал желдің.

Қосарланып көк аспанға самғатты,

"Ботам менің" деп ата-анам тіл қатты.

 

Отбасымда бақыттымын,әсеммін,

Ең қымбаты мынау алып әлемнің.

Бұлбұл сайрап,қыран самғап тұрады,

Жер-жаһанның сиқырлы ол тұрағы.

- Менің өлеңіме өз пікірлеріңізді қалдырасыздар деп үміттенемін. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысымын. Рахмет!