Отан

 

Бұл өлең Қытайда жүргенде ата жұртты, отанымды аңсап сағынғанда жазылған еді .Бұл өлеңді менің ғана емес, Қытайдағы әр-түрлі себептермен, ата жұртына келе алмай жүрген, қаймына қазақтардың жүрегіне ретінде қабылдағайсыздар.
- Автор .

 

Басылып зарық , басымда жүрген барша мұң , 
Қажыпта барам мынау бір күннен шаршадым .
Құшағыңда отан, еркелеп қашан көз ілем, 
Тек соны күтіп , тек соны ғана аңсадым.

Аға алмай жатқан тар сайда еркін бұлақтай,
Долдана бұрқап , көбігін шашып бір ақпай.
Күндерім жатыр күбірткі жеген тұяқтай,
Өмірім жатыр енесі өлген ылақтай.

Қазақ болып туып, қазақ боп тірі жүрсемде,
Келмей жүр шамам көшімді саған тіркеуге.
Шындығым осы кеудемдегі отан, көтерем,
Түсініп мейлі, ез дерсің мейлі күлсеңде .

Толқының болып жағаңды барып аймалар,
Осы бір үнім, рухыма менің айналар .
Абайдың қаны, Абылайдың қаны мендегі,
Өлкесі үшін қазақтың мәңгі ойланар

Отаным сенсің таласа алмайды еш адам,
Тілегім осы, қандастар болсын дос аман.
Адасқан ботаң алыста жүріп айтары 
- Аумасын мәңгі , жүрсе екен дәйім көш аман!

Отансыз адам - ұясыз қалған балапан,
Қараңғы оған Арайын шашқан ала таң.
Ендеше, мынау боранда қалған ұлыңды,
Құшағыңды ашып, қойыныңа алшы ана - Отан.
Ендеше, мынау боранда қалған еліңді,
Құшағыңды ашып, қойыныңа алшы ана - Отан!!

Тұрарбек Ахмет
2005 тамыз. ҚХР Жеменей



Бөлісу: