ОРАЛУ

ОРАЛУ
жеке
блог

Желтоқсанға жиі артасың неге жүк,
Кеткендіктен шығар,бəлкім,мен еріп.
Ештеңеге өкінбеймін деуші едің,
Бір-ақ мəрте өкінішке бер ерік.

Бір өзімде шаттық та бар,мұң да бар,
Ол да бір күн жанарымнан сырғанар.
Ұшатынын мезгілінде келмек боп
Білесің ғой..Тырналар...

Бұл Желтоқсан ажыратты-ау бізді анық,
Əр демінен ызғар бүркіп сызданып.
Екеумізді кездестірген Маусымға,
Қиялыммен келіп жүрмін жүз барып.

Төзіміңді əлдилей бер көз ілген,
(Ишарамды ұқпай қалған кезің кем)
Шуақ шашып оралам деп мен саған,
Желтоқсанды алып кеттім өзіммен.

Өкінішсіз өмірді бұл өре қып,
Еш əнде жоқ бір əуезге бөленіп.
Сəби-сезім былдырлайды бесікте, 
Тағдырына етеміз біз төрелік.

                                                                              Әлия Іңкәрбек