Өмірін өлеңмен өлшеген ақындар кімдер?

Өмірін өлеңмен өлшеген ақындар кімдер?
жеке
блог

Ақын қай кезде де болмысы бөлек, тау-төбе тұлға. Бір қызығы,тіпті таңқарлығы қазақ ақындарының басым көпшілігі;көрегенділігі мен болашақты көре білу қасиеттерімен ерекшеленеді.Ең құрығында өз өмірлерінің бұралаң жолдарын, бұлыңғыр жақтарын көре біледі.Оған дәлел;

Мұқағали Мақатаевтың мына бір өлеңі."Өзімнің есебімше"

Мен биыл,

Қырықтың бесеуінде.

Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде.Расында ақын 45 жасында мәңгілік ұйқыға кетті.Ақын бір өлеңінде;

Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған,

Ұйықтасын сапарларын тамамдаған.дейді.Мұқали Мақатаев сірә да сапарын тамамдаған болып тұр ғой.

Мұқағали туралы айтқанда ауыздары көпіріп, ішімдікке әуес болған,түбіне де сол жеткен деп жатады."Дін-ғылымның анасы" деген бірер сөзге мән беріп қарайықшы?

Сондай ішімдікке ғұмар болған жан, Дін ғылымдарының докторы айтпаған сөздерді айтып,бүкіл ғаламды бір-ақ сөзге сыйдыра салмады ма?