Өмірдің сүрлеу жолдары

Өмірдің сүрлеу жолдары
жеке
блог

Қадірсіз болса бар кезде алтын қолдағы,

Өкінгенменен өкініш орны толмайды.

Қайда апарып қай соқпақпен сүйрейсің,

Белгісіз мынау бұралаң өмір жолдары.

 

Жанғанда үміт күдіктің басып салмағы,

Шаттығың анық ұзаққа және бармағы.

Уақыттық емес мәңгілік өмір сүретін,

Бақыттың кілтін жасауға қолдан болмады.

 

Пәк жүрегіңнің аяулысы мен ардағы,

Тек үміті мен сенім артатын арманы.

Үмітпен және арманмен өмір сүрмесең,

Қалдырар жолда өмірдің сүрлеу жолдары.