Өмірдің өзі өткінші...

Жақсы болмас бəрінің досы дүйім,

Түсіне алмас көңілдің қошы күйін.

Көз жасыңды жасырып өзгелерден,

Тұншықтыра жылаудың өзі қиын.

 

Ессіз өмір кімге күнім ұнапты,

Əлсізбін бе?Көтере алмаң сынақты.

Еңсемді тік ұстаймын-ау дегенде,

Өмір тағы жылатты...

 

Күн-күнімен,жылдар əрмең жылғалап,

Əкетеді өмір-өзен бұғаулап.

Жасаурап-ақ тұратұғын жанардың,

Жасы қашан құрғамақ?!

 

Жолдар тегіс,түзу емес,зырғанақ,

Міз бақпастан өтер ме едім сырғанап.

Бірде тəтті,бірде қатты сұм өмір,

Енді кімді сынамақ?!

 

Авторы:Мөлдір Несіпбаева



Бөлісу: