Өмір сүрейік Қазақша!
блог
құлаған зұлым одақ кеңес бүгін
кешегі бодан күндер елес бүгін!
өзгенің әміріне бас ұрмайды
қызың - күң, ұлдарың - құл емес бүгін!
уа, бауырым, сен ұлы Қазақсың ғой,
тәуелсізсің, дарасың, азатсың ғой.
кешегі қараңғылық нақ жоғалып,
көк туымыз желбіреп тіктеді бой.
бойыңда Өр қазақтың өызыл қаны,
қаһарман қайсар ұлдың сен ұрпағы.
артар жүгі мойныңда, қолыңда тұр
қазақтың келер енді болашағы!
ашық ауыз, кең пейіл мұрагерім,
тұнық емес, сен өзің шұбар ма едің?!
өзгенікі Құдайдай төріңде жүр,
босағада телмірді-ау Ана тілің!
данышпан халық еді атам кеше
қызыл тілмен тоқтатқан дауды неше!
дауды шешпек түгілі өз тілімен
бүгінгілер: дұрыстап та алмайды сәлемдесе!
өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте,
атаң айтқан өнеге-өсиетің емес пе?!
ақпа құлақ ұрпақтарда, аңқылдақ
біріншісі сақталып, екіншісі жоқ есте!
өзгенікін үйреніп, өзіндіктен жиренген
өзгеше өтіп барады қазақы өмір күйбелең!
шұбар ат мінген қазақтың ұрпақтары шұбар тіл
ана тілдің қадірін түсінбеген, білмеген!
өзге тілде сайрап тұр аппақ мынау парақта
көңіл бөліп жатпайды оған ешкім бірақта!
аз болсадағы қазақша жол нұсқар көше атауы
қазақы атау көп екен, таңқалам, арақ-шарапта!
атамыз ас деп білмеген, дәмін татып көрмеген
қазақы атқа ие боп жүр, бұл күндері бір немең!
ақ сүтпенен берілген анаңның құтты тіліне
артында қалған ұрпағы құрметің қайда көрсеткен!
төріңнен орын бермедің, босаға саған жөн дедің
тіліңде тұрған бақшиып қасиетіңді көрмедің.
қаріптеп айтып сәлем сап, бір-ақ сөзден кейін-ақ
шұбарлана кетеді сөйлер сөздегі сөйлемің!
қанаты қатып нығайған
Қазақ деген ел едің.
намысын жауға бермеген
Баһадүр қайсар ер едің.
атадан қалған өсиет
орындаларын білемін!
қаныңа сіңген қасиет
ұйықтап кеткен намысты
оятарына сенемін!
бір сөзде екі қате бар
қазақша болса жазғаны.
осы ма деймін кейде мен
дүбірлеп дәуір озғаны!
Қазаққа қазақ жаны ашып
көмекке қолын созбады.
біріне-бірі жат бауыр, осы ма деймін
ұрпақтың - азғаны менен тозғаны!
данышпансып жас бала
демеңдер нені қозғады.
жаныма менің батты шын
өз тілім Өгей болғаны!
өзге тілді де білейік,
қазақша сөйлеп өсейік.
келісім жасап қазақша
қазақша дауда шешейік.
қазақша білсін шешеміз,
қазақша болсын көшеміз!
Қазақпыз дейік Өр болып
кім боласың, ей, десе біз!
қазақша жарлық-үндеулер
естісін қауым, тыңдарман!
24 сағат сайрасын
ана тіліңде телеарнаң!
қабірде жоқтау ғана емес
құттықтауларда айтылсын,
өз тіліңде, беу, қазақша!
жау жүрек сонау қазақтың,
жиырма бірдегі ұрпағы -
бөленіп бақ пен ғажапқа,
Өмір сүрейік Қазақша!!!
Уалиханұлы Б. 23.11.2015ж