Өмір деген...

Авторы : Смагулова Жулдызай

Өмір деген бір ғажайып білгенге,

Жылағанға, асыр салып күлгенге.

Өмір деген мен білетін түсінік,

Өтіп кетер, байқалмастан бір демде.

 

Өмірім ол - қайғы менен қуаныш,

Жығылғанға демеу берер жұбаныш. 

Өмір деген шаттық пенен мың сынақ, 

Жаныңды бір тірілтетін тылсым-ақ . 

 

Өмір деген адалдық пен арамдық, 

Бізде оның  қоршауына қамалдық. 

Кетер кезде бұзармыз ол қоршауды, 

Өмір менен өлім дейтін аралық.

 

Өмір деген тарихым мен келерім, 

Осы сәтпен өмір сүріп келемін. 

Не беремін, не аламын өмірден, 

Толғап  қоям, қозғап ойдың тереңін. 

 

Күлген күнім, жарық айым көгімде, 

Бейбітшілік ғұмырымның төрінде. 

Төрт құбылам теңеріп тұр бұл күнде, 

Несіне м ен назданайын өмірге. 

 



Бөлісу: