Өмір

Өмір деген тек шаттықтан құралмаған,

Таусылмайды қиялда үміт-арман.

Қуанғанда жүрегім дүрсіл қағып,

Қайғырғанда елеңсіз алаңдаған.

 

Өмір – өзен, қайда сені бастамайды,

Еркелетіп жас баладай баптамайды.

Тура жолдан сүрінбей жүрген адам,

Өзгенің ала жібін аттамайды.

 

Өмірде бәріне де асығасың,

Әр тарапқа бір ұрып шарқ ұрасың.

Жоспар құрып алдыңа тайсалмайсың,

Бақытыңды табуға талпынасың.

 

Бақыт қайда байлықта  ма достықта?

Адал достық өмір сүрер тек шындықта.

Басың тасқа соғылып, жылағанда

Көз жасыңды досың тыяр ұмытпа

Бақыт қайда байлықта ма достықта?

 

Біреу үшін бұл өмірде байлық артық,

Ал басқаға атақ, даңқ, абырой артық.

Алланы сүйе білген жандар үшін

Бәрінен де жүректегі иман артық.

 

Өмір – сыншы, қолында сыналасың,

Қиналасың, әйтеуір шыңдаларсың.

Сол сынақтан сүрінбей өтсең ғана

Өмірдің терең мәнін ұға аласың.

 


Бөлісу: