Өмір

Отырмын терең ойдың ортасында

Жүректегі толғауларым тоқтасын ба?

Өмір деген не өзі?Мәні неде?

Мың ойдан осы сұрақ қалды бойда.

 

Әркім берер мағына сан алуан,

Мен де айтайын,бірнеше сөз өз жанымнан.

Өмір деген уақыттың кезегі ғой

Ерлік,еңбек көрсетуге ол арналған.

 

Кей адам жүр ,өмірдің мәні жоқ деп,

Жылдар өтер,уақыт өтер мұңменен тек.

Жүрегіне қамал жасап,бұзылмайтын,

Басқаларға сақталар реніш пен кек.

 

Бұлай жасап керегі не,дүние тар ма?

Таза болсын намыс пен ұят ,ар да.

Қанағат етпегендер ісі қате,

Алтынның қадірі жоқ қолда барда.

 

Қаншама жан бақ-дәулетті армандайды,

Күшін салып ,ақша үшін сайраңдайды.

Ерлікті де,жерлікті де серік қылар,

Неге солар "Өмір" жайлы ойланбайды.

 

Қиялшылдар сенеді ертегіге,

Жоспар құрар солармен ертеңіне.

Қарай алмас шындыққа олар тура,

Кітаптағы өмірмен келеді ме?

 

Кішкене қуанышты ескермесең,

Уыстан шығып кетер бар бақытың.

Ісіңе жауап беріп,тексермесең,

Жоғалар қорғанышың,махаббатың.

 

Өмірдің мәні деген жан-жағыңда,

Отбасың,достарың да дәл қасыңда.

Егер,өзің ойланбасаң,толғанбасаң,

Өте шығар уақыт деген қас-қағымда.

 

Бағалайық қолдағыны,аялайық,

Жарқырап жұлдыздармен бір жанайық.

Өмір деген үлкен сыйлық Жаратқаннан,

Сүй өзіңді,сүй өзгені о,халайық!



Бөлісу: