ӨлеңTIME

ӨлеңTIME
жеке
блог

Ақын болу үшін..

 
 Жүрегімді жата берсің жасқай мұң!
 Өзің едің- дертім, мұңым, бас қайғым!
 Түніменен өлең өріп мен саған,
 Таңда тұрып, жыртып-жыртып тастаймын.
 
 Болуы үшін жеңіл әрі төтелі ой,
 Барлығына төтеп берсін бекем бой.
 Тәуір жырлар туу үшін жүректен,
 Ауыр ғұмыр кешу керек екен ғой..
 
 Кей ақынның оқырманға ғазалы ем,
 Менде бәлкім жыр өремін таза ең..
 Әскерге сен аяқ асты жөнелсең,
 "КҮТЕМІН" деп том-том кітап жазар ем !
 
 Жақын тартып жүрсе сені жат есім,
 Тірлігіңнің түземеймін қатесін.
 Өзге аруды әйел етіп алсаң ше? ..
Нағыз жырдың жазар едім көкесін!
 
 Жалтақтама қиындықтан бірде-бір!
 Бақытыңның бастауы әр күнде біл.
 Аңдаусызда өлім құшып жатсаңыз,
 Ақын болып кетпесіме кім кепіл?!
 
 Өлең мені жетелейді, жықпайды! 
Өлең-бақыт, өлең-өлім, ұқ қайғы.
 Осылардың бірін жасай алмасаң,
 Менен ақын шықпайды-ау, шықпайды..
 
 Ақгүл Айдарбекова