ӨлеңTIME

ӨлеңTIME
жеке
блог

Біртүрлі..

 
 Сізде алыстап барасыз ба, қазаным?
 Аз деп пе едің ауыр мұңым, азабым?
 Мен сіз үшін бар күнәмнан тазарып,
 Біртүрлі жыр жазамын!
 
 Үр үмітті қаласа да үзбеген,
 Білем, биыл ақылдырақ күз деген.
 Сәл мұңдылау болмасаңыз егер де,
 Мен бақытты болар едім сізбенен! 
 
Жазсам ба екен аясы өте тар аңыз,
 Бірақ, бірақ алыстап жүр арамыз.
 Мөлдір кезде жазған балған жырымның,
 Ең соңғысы қара күз!
 
 Шарпыса да көңілімді жансыз мұң
 Бүгінгі күн- әттең,әттең, мәнсіз күн.
 Сіз уақыттың алдында дәрменсізсіз,
 Ал мен әлсізбін!
 
 Жасырынып жанарымда сыр күллі,
 Мендік сезім тасып барып, іркілді.
 Семіп қалған сезімімді бүрлеткен,
 Биылғы күз, биылғы күз, біртүрлі!
 
 
 Ақгүл АЙДАРБЕКОВА