Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы,
Буыны мен ұйықастары бір қаласы.
Ақын үшін басты қару болған өлең,
Бағаланған,танып біліп ел арасы.
Бәрін жиған бойына біріктіріп,
Мақал менен мәтелді де кіріктіріп.
Өлең деген бір ғажайып дүние,
Мағынасы шексіз терең,тұп-тұнық.
Біраз ойлар жеткізілген өлеңменен,
Қасиетті, киелі ғой өлең деген.
Қаншама ақын тиек еткен осы өлеңді,
Олай болса шығарайын мен де өлең.
Арнауы бар, жырлауы бар неше-түрлі,
Өлеңді бағалайды әлем күллі.
Әдебиеттің ең құндысы не?-десе
Мен үшін көш басында өлең тұрды.
Ұштастырып ақ қағаз бен қаламды,
Өлең-сөздің іргетасы қаланды.
Баға жетпес туындылар жарық көріп,
Өзіндік бір ерекше боп дараланды.
Ескірмейді өлең деген еш жасында,
Бірінен бірі озып,кеш қалсын ба!?
Маңызды бір бөлігі бұл өнердің,
Қаншамасы қазір міне ел аузында.