Өлең оқиық!

Арма, ағайын! Көп болды блог жазбағалы... Сабақ, сабақ деп уақыт таппай кеттік өзі. Сөйтіп, кеше Құлпынайдың блогын көрдім. Өлең оқудан эстафета бастапты) Жақсы бастама! Өзі Рахат Әбдірахмановтың өлеңін оқыпты да келесі кезекті Дина екеуімізге ұсыныпты. Қабылдап алдық) Ойланып қарасам, өлең оқымағалы да біраз уақыт өтіпті. "Не оқысам екен"-деп жүріп-ақ біраз дүниені ойыма түсірдім, есімнен шыққан жерлерін қайта қарап шықтым. Иә, бір ғана эстафета осынша ойға апарып, ізденіске жетеледі. Ең бастысы, өлең оқуды қойғанымды есіме салды! Әрине, бәрі үшін Құлпынайға алғысым шексіз! Жарайсың! Рақмет!

Ал, енді менің ұсынып отырған өлеңім Фариза Оңғарсынованың "Мен сізді ұнатамын" өлеңі.

P.S : Эстафета тізгінін Жадыра Әділбекқызы мен Сабина Тілегеноваға ұсынамын! Сәттілік! ("Жоқ, мен оқи алмаймын"- деген сияқты сылтаулар қабылданбайды!)



Бөлісу: