Өлең мен өмір

Өлең мен өмір
жеке
блог

Қазақ поэзиясының жастармен толықтырылып, дамып келе жатқандығы көңіл қуантады. Өміршең өлеңге өз үлесін қосып, Жаратқан дарытқан дарынымен дараланып жүрген — Гүлжаухар Сейілханова есімді ақын қыз бар. Ол Қостанай облысына қарасты Аманкелді ауданы, Құмкешу ауылының тумасы. Жырлары тазалық пен шаттыққа құмар. Өлеңдерінен өзгеше әлем өрілген. Ойы мен санасы тылсым сырға әуес. Жас ақынның бірқатар өлеңдерін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

 

Ақкөңілдік

 

Көмек қолын созбасаң сен сараңсың,

Өзгелердің қарғысына қаларсың. 

Қолың ашық, ақкөңілдік танытсаң, 

Жат біреудің пайдасына қонарсың. 

 

Ақкөңілдік жақсы әрине жаманы,

Күншілдік көп кірпік қақпай қабағы. 

Айналанды өзіңменен бірдей қып, 

Ұстанасың, ұғынбассың қараны. 

 

Ия, бар деумен шаршамадым міз бақпай,

Қайта, қайта келушілер тіс қақпай. 

Көңілім ақ, көмек беріп тынбастан,

Өкінері еш біреуі танбастан. 

Мен дегенде уақыты жоқ түн-таңнаң,

Амал да жоқ жөн табамын Алладан. 

 

Өзгерістер өртеп жатыр жанымды,

Өзгермеске болмай кетті қараңғы. 

Ақкөңілдік жақсы әрине жаманы,

Пайдасыздың пайдасына жарамды. 

 

Бұрыңғы мінез ұмыт енді, қаттылық,

Жоқ дегенді үйренемін таң қылып. 

Тарамданған шығынын жинап шаршадым, 

Қаражат емес керегі сізден батылдық.

 

Жалған ғұмыр

 

Өмір атты бос дүниенің есігін аштық бәріміз,

Пайда болды отбасымыз, үлкен-кіші кәріміз. 

Өлім атты қорқынышты жайпау ажал төнгенде,

Түңілеміз, пенделікті неге таңдап келдік біз. 

 

Бүгін күні қуанардай жерді басып жүреміз,

Ақиқаты тек бүгінмен өмір сүріп келеміз. 

Ертең, арғы күндерді де ойлап өткен заңдылық,

Бәлкім шаршап мәңгі ұйқыға асығып та кетеміз.

 

Өкінуден тіптен келер пайда жоқ,

Артқа қарай шегінуге жол да жоқ. 

Заңдылық қой заңға қарсы қару жоқ,

Бағынамыз одан басқа айла жоқ.

 

Қара ниет

 

Жер ғаламы ғасырлардан құралды,

Жарты бөлік ақ-көктермен тұр әні. 

Бірнеше жан ғұмыр кешер тұрағы.

Адам пиғыл өзгермеді сол әлі. 

 

Бейбақ біреу міні жоқтай мүсіркеп,

Қара ниет шарпап жатыр құр күндеп. 

Өз бойында жоқ асылды көре алмай. 

Басқаларын азаптайды-ау сырттай кеп. 

 

Қазір ғасыр қасірет шегер тозақтай,

Бұрын аппақ жайсаң жандар қасқырдай. 

Ақ таңдарды кешіп жүрген жақсылар, 

Сол жаманның құлы болды сормаңдай. 

 

Алланы еске ап, Иманың құптап, 

Кірлетіп алды күнә сап. 

Өзгені тілдеп, тілерін тілеп, 

Орындап алды қаралап. 

 

Қара ниет жоғалмады құтырып,

Ақ жүректер аз ақ қалды Алла деп. 

Атаманы басқарып жүр жұтынып, 

Исламдарды харамдыққа аунап кеп. 

 

Байқағаным бақталастық өмір бұл,

Бір—бірінен қалмау керек жайнап күл. 

Мақтанудан "марш" жіберсең кетеді-ей,

Атам заман жүлделерін жекіп жұл. 

 

Ниеттері таза жандар бұйырса,

Бақыт құсын қондырады қаласа. 

Өз жөнімен жамандықты жек көрсе, 

Ғажаптықты көре алады жаңаша. 

 

Біреулер бар еліктейді көшіріп, 

Ал біреулер кербез тартар көпіріп. 

Қу заманда қолға беріп билікті,

Ендігі жүр бірін-бірі көпсініп. 

 

Баяғы заман тіршілік тұрмыс жағдайы,

Тәрбие мықты, тілдері таза қандайды. 

Жиырма бір ғасыр өтті міне талабы,

Тұрағы қалды, көбейді нашар адамы. 

Бәріне бірдей күйе жағып артпайын,

Сонда да бар топтамасы таңдауы.

 

Ауылым

 

Құмкешуім- құмды өлке мекенім,

Сары құмда аунап-күліп өскенмін. 

Таза ауада жұпар иісі гүлдердің,

Жайқалумен сән беруде дән-егін. 

 

Туыс-туған, дос-жарандар қасымда,

Бас қосылып, әңгіме шертіп жаруда. 

Құмын кешіп, қыдырып жүріп байқамай, 

Кештер де батты, ойда да үй жоқ қайтуға. 

 

Басқа ауылмен салыстырмаймын жерімді,

Туған өлкем ғашығым да секілді. 

Теңемеймін, тең емесін білемін,

Бөтен жерлер баса алмайды елімді. 

 

Сағынғаннан есейгендер сарғайды,

Құмкешуге жете алмастай тулайды. 

Шаруалары шарш етектен шығармай,

Каникулда қанат бітіп самғайды. 

 

Жер Жәннәтін сезеді де біледі,

Қимай-қимай жас сорғалап себеді,

Кетер кезде жұтындырмас қан жылап. 

Құмкешуің сағынышпен тіледі,

Тойлаттырып ауылына келеді,

Кетерінде күйінеді-ау өзегі.

 

* * *

Махаббат- ғажап, шешілмеген түйіндер,

Жарты жүрек қос бүтінге түйілер. 

Жақсы көру, шыдай білу пендеге,

Жаратушы сыйға тартқан сезімдер. 

 

Адалдылық-қос ғашықтың екпіні,

Сырттан кесір тие қоймас ешбірі. 

Дастан етер Қозы-Баян жырлары,

Олар нағыз махаббаттың белгісі. 

 

Менде үнсіз отырмайын ендеше,

Ғашығыма арнап жаздым жыр неше.

Жүрегімнен жыр төгілер параққа,

Мендік сезім, үнім дағы өзгеше.

 

Бәлкім сені теңер едім Ханзадам,

Табиғаттың тылсым түрлі жұбына. 

Ай жалғыз ғой жалғыздыққа үйренген,

Ай боларсың қызғаныштың жоғына. 

 

Қайда жүрсең онда жүрші алайда,

Сақ болғайсың, қорғайғайсың, абайла. 

Бірақ кімсің? Хабарым жоқ әлі де,

Мұз айдында қатып қалған шарайна? 

 

Аққулар көп, менде жүрек бір ғана,

Сезімімді былғамашы... жай ғана. 

Бұйырар бағың жанында мейлі алыста,

Тағдырын шешер жазылған жанды жарына...

 

Бибіт НҰРМҰХАНОВ