Өлең
жеке
блог
блог
Сізсіз кешкен күндеріме көндіге,
Сұлбаңызды іздеп жүрмін көшеден
Әлде, сізге еркелегім келді ме?
Өксіп- өксіп жылап алдым кеше мен.
Сенделдім-ау..тоңып қалдым біршама,
..Мөлдір көзім..
Аласұрып іздеді.
Жүзіңізден ызғар шашып тұрса да,
"..Қоңыр қозым" деушедіңіз сіз мені.
Өлең өрдім қаламыммен бақ қазып,
Тым кесапат сезіміме қайғы ала.
..Сізге бүгін..
..Жүрегіммен..
..Нәп-нәзік..
Еркелегім келіп кетті жәй ғана..
Үркек ойдың аясы да кең еді,
Кеуде тұсты шарпып алды жалмай сыз,
Шер құшақта еріп кеткім келеді,
Ал сіз тіпті еркелете алмайсыз!
Серттен тайып кеткеніммен шегініп,
Шербет мұңға ынтық әрі құмар күз.
Бәлкім, қазір өзге жанды еліріп,
Еркелетіп отырған да шығарсыз!
Ақгүл АЙДАРБЕКОВА