Ол өзгерген

Ол өзгерген
жеке
блог

Бәріне сыйлап жүректің әнін,
Сыйладың тағы сезімнің нәрін.
Өзектен теуіп өзгесі келсе,
Көрдің-ау сенде өзіңдей бәрін.
Сетінеп кетпей сен әлі жүрсің,
Біреуге тікен, біреуге гүлсің.
Ғұмырың нәзік нұр болар еді,
Бұзылып кеткен өзіңнен көргің.
Қызығып бірге қосылып екі,
Болғандай жігіт саған темекі.
Күймей-ақ қалай жүр екен жаның,
Салғаның жара қанша ма еді.
Қиылып тұрып, қиятын едің,
Басуға отты шебер-ақ едің.
Жүрегің неге тас болып қатқан,
Оттарың қайда, басып жүретін.
Жүрегің өлген, білмеймін неге,
Қаққандай сына, жаныма шеге.
Жайдары едің, жайқалып өскен,
Ол кейпім енді бұзылды деме.
Білместік шығар дейді де тағы,
Айтудан әсте талмайды жағы.
Құр босқа сөйлеп арыңды сатпа,
Сатуға лайық болса да бәрі...

 

Бибіт НҰРМҰХАНОВ