Н.С.-ке (арнау)

Н.С.-ке (арнау)
жеке
блог

Н.С. 

Найзағайдай жарқ етіп, сөнген сезім, 
Аз да болса, бақытты болған кезін,
Зыр жүгіріп, өткен күннен қашсаң-дағы,
Еске алсаң, ащы жасқа толар көзің.
Рахмет, Еркем, Ертістегі қайталанбас күн үшін,
Кешір, Наздым, кесірімнен қайғы көрген түн үшін,
Еңсеңді тік көтеріп, дәл жанымнан өткенде,
Сөз таппастан, кеудемнен, әлсіз шыққан үн үшін.
Ести сала азан үнін, сәждеге асығып барарсың,
Мысықтардың көріп түрін, көңіл босатып аларсың,
Ескі достың жаңа хатын ұйқысыз түнде көргенде,
Интернет пен жүректе "delete" пернесін басарсың...

03.12.2013

Н.С.

P.s. Күнсің маған
Күнім барын менің де білсін ғалам!