Ініме
жеке
блог
блог
Ініме
Ажыратып алысың мен жақыныңды,Бұл жалғанда ұста мықтап тақымыңды.Аға болып айтайыншы інім саған,сырымменен аз да болса ақылымды.
Армандарға адаспай -ақ бара алады,тату болса ағайынның аралары.Жұдырықтай жұмыр елге жұғынуғакеле қоймас дұшпандардың шамалары. Құрметіңді көрсет үлкен кісілерге,Үлгі болып жүр әрдайым кішілерге.Міндетсінбе біреулерге көмек берсең,Лайық болсын жасаған ісің ерге. Барға шүкір ете біл, тек жоқтамағын,Мақсатыңа жетпей жолдан тоқтамағын.Кейде өмір сәтсіздікпен сынап жатса,ашуланып, әр нәрсені боқтамағын. Көрінгенді ілестіріп жетегіңе,Жүрме мас боп қыздың ашық етегіне.Жар іздесең тәрбиелі жерден ізде,қандай адам, кімнің қызы екеніне. Жақсы болса алған жарың өсіреді,Жаман болса жұрт алдында өшіреді.Ата-анасын сыйлаған қыз әрқашанда,Анасының тәрбиесін көшіреді. Жастық десең, достық ойға ілінеді,Жастық шақта досың көп боп көрінеді.Сын сағаттар өткен сайын іріктеліп,Нағыз достың кім екені білінеді. Заманыңның ағымына енгенің жөн,Қиындықты ақылыңмен жеңгенің жөн.Қулығы асқан түлкілердің дәуіріндеЕң бастысы тек өзіңе сенгенің жөн. Ернар Жақсыбаев