Мұқағали Мақатаевқа

Ғасырларға қалдырдың өжетте өр қалпыңды,

Кәусар сенің жырларың тамсандырды халқыңды.

Әлі күнге аңсайды сайын далам асылын,

Бағаламау мүмкін емес секілді саф алтынды.

Лағыл жырың жас қыранның көңіліне медеу боп,

Сен бара алған биіктерге шарықтауға талпынды.

 

Ешбір ғасыр бөгей алмас шекарасыз жыр дастан,

Қаламыңның тербеуінен отау тігіп, құрды аспан.

Сенің жаның жазық дала, жер анамен тілдесіп,

Асыл жырың көлден ұшқан аққу қазбен сырласқан.

 

Келесі ұрпақ жырлап өтер тазалығын арыңның,

Өкінішті жанбай жатып сөнуі от жалынның.

Ұлы дала төсінде талай тұлпар шыңдалып,

Отын ерте сөндірген талай асыл дарынның.



Бөлісу: