Мейіржан досыма

Мейіржан досыма
жеке
блог

Ақ сұңқар дала кезіп ұшса биік 
Бәйтерек жайқалады басын иіп 
Қазақтың нар баласы дала кезіп
Атпайды текке жүріп ақсақ киік 

Ат жетектеп баптайды бала қыран 
Қаршығаны танимын қанатынан 
Жырыма арқау болған жан жолдасым 
Шамшырақ ұлылардың санатынан 

Мейіржан-ау, сен ер түрік ұлымысың?! 
Санамда тұр өзің салған ұлы мүсін 
Жүректердің түбінен орын алар 
«Мейірімді жан болсын» деп қойған есім 

Көненің көзін көрген алдаспаным 
Болсын сендей ойлайтұғын елдің қамын 
Қолды жайып өзіңе дұға етемін 
Жақсымен жолдас болу – менің бағым! 

Қалқатайға қарайлаған Қалқамансың! 
Хас сұлудың арасынан өзіңе жар таңдағансың 
Адаспайсың жолыңнан, оған кәміл сенемін 
Жүрегіңде бауырым, тек иманың арқалансын! 

Иық тіреп, құбылаға бет бұрған, 
Ағысына өзеннің кеуде тосып, тік тұрған 
Мен өзіңмен мақтанамын бауырым 
Қазанаттың бейнесін көрем сендей текті ұлдан! 

Тани білгін адамды жолдасынан деседі 
Сауық сайран бал күндер ұмытылмас кешегі 
Біз – тұлпармыз, бәйгеде қамшылатпай тебіскен 
Біз бар жерде мәңгілік достық ғұмыр кешеді! 
10.09.2017 

Автор: Бауыржан Жаңатілеу