Менің пешенем

Менің пешенем
жеке
блог

 

Алладан туған күнімде маңайым толған жыр екен

Жүректе жатты қаламым ұстаған Абай, Жұмекен...

Тас соқыр түнде айға ұшып көз ілмей сыбыр-күбірден

Шырағдан болып қос жанар жырымды оқып тұр екем.

 

Тыңдағын, мейлі, тыңдама ауада менің өлеңім

Тауысып оқу мүмкін бе жер жүзін басқан көлемін

Жырымды оқы, қыранның көзінде ғана сақталған

Шыңына ұшты ол тауымның,

Мен де өмір сүріп келемін.

 

Көкірегі ояу, тынысты, көктемгі күнге қарашы

Сол күнде менің қазынам, сөзімнің һәм тек сарасы

Самалы ескен баяулап мүлгіді қайың, құрақтар

Қимылдап жатқан еріні  раушанның өзге қарасы

 

Көк пенен жердің арасын жалғаған жалғыз өлеңім

Опасыз бес күн жалғанды өлеңімменен жеңемін

Іңгәлап «жыр» деп туылғам...

Құрсақта біткен қасиет

Табытқа жыр боп құйылам

       өлең боп және өлемін!   

 
Жұлдыз БЕЙСЕК