Менің антым - тоқтамау
жеке
блог
блог
Күнде осылай өтемін мен бұл маңнан,
Жаз өткен соң баулар енді сұрланған.
Жалғыздыққа серік болып жүргенде,
Жүрегімде солды сірә бір арман.
Сұлулығы бұл қаланың сыр бүккен,
Мен де бұрын қайталанбас үздік ем.
Ал, қазір ше? Қазір күйім басқаша,
Бейтаныс жас сырғанайды кірпіктен.
Алдым – алыс, артым мүлде тас қамау,
Менің антым – не болса да тоқтамау.
Белгісізді текке күтіп жүргенде,
Уақытымды мүмкін емес жоқтамау.