МЕН ҰМЫТЫЛМАЙМЫН

  Шыда,шыда

Шыдай түс,шыда тағы!

Шыдамдыны мына өмір ұнатады.

Үміттің құлан иек құла таңы

Әйтеуір бір атады,бір атады.

Өкінбе,өкпелеме

Бүгініңе

Өмір,өмір!

Болмайды түңілуге.

 -деп,ақиық ақын атамыз Мұқағали Мақатаев.Көптеген қазақ өнері мен көркем әдебиетіне ән-жырлары мен поэзиясын мұра етіп қалдырды.Поэзия көшбасшысы атанды.Терең ойлап,мағыналы әр-бір сөзі қазірде әдебиетіміздің төрінен орын алады.Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрында ақын Мұқағалидың поэзиясымен өрілген "мен ұмытылмаймын" атты лирикалық драманың өзіндік ерекшелігі терең ойға жетелеуінде.Ақын өмірдің соңғы сәттері саxналанылды.Халыққа жеткізгісі келген мақсаты-ақынның өшпес аты мен қаншама еңбегі бар екендігі.Өшпейтұғын із қалдырғаны жайлы.Өмір мен өлім арасындағы жан күйзелісі.Басты рөлді Қазақстан Жастар одағының лауреаты Әсет Иманғалиев сомдап шығады.Спектакльдің қоюшы режиссёрі Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткері Балтабай Сейтмамытұлы.

Мұқағалидің 650 ден астам лирикалық өлеңдерін болашақ ұрпаққа "Адам өмірінің мәні","Әсемдік пен сұлулық","Ерлік" пен "Тұған жер" туралы жырлаған.



Бөлісу: