Мен қазақтың қызымын, иланып ал,
Көзіне нұр, көңліне күй дарыған.
Тілегі жаңылмаған жақсылықтан,
Жүрегі арылмаған иманынан
Мен қазақтың қызымын, жау да илеген,
Жетелеген бара рухы,ән-күйімен.
Туғаннан тал бесікке бөлеп мені,
Тербеткен алып дала әлдиімен.
Мен қазақтың қызымын, көктемімін,
Көркіне сәуле құйған көктегі күн.
Жерімнің тағдырымын тарихымын,
Елімнің болашағы- өткенімін.