Долданамын, дауылдай Қара таудың,
Тіксінген бар мінезім!
Ұшқыны бар, атылған жанар таудың,
Қарсы келсең көресің!
Құйыны бар бойымда Сары арқаның,
Ұшырамын алысқа!
Күшін жиғам, бойыма бар даланың,
Тетелеспе, меніменен алыспа!
Ала таудың қарындай суықтық бар,
Қызыл қаным мұз болған!
Дүр даладай, жанымда ұлықтық бар,
Қонар жерім, құз болған!
Көк бөрідей, тасыған батырлығым,
Ел мен және ар үшін!
Сусындатқан, өлеңмен ақындығым,
Жұртым және бар үшін!
Байқасаңыз бауырмалмын, негізі,
Досқа жоқтың сатқыны!
Таптатпаған кең- байтақты жерімізді,
Намысы бар әр ұлы!
...Мен Қазақпын!
© Жұмахан Нұрлыхан