Мен жақында ауылыма барамын!

Мен жақында ауылыма барамын!
жеке
блог

Тар бөлмесі тарықтырды қаланың...

Сиа алмастан жарылып та барамын.

Кең даланың төсінде өскен желбірей,

Мен дегенің баласымын даланың.

 

Маңдайымнан күн сүйеді, беттен жел,

Ауылымда шуақтылау көктемдер.

Тар қаланың тұтқынына айналад,

Кең даласын айырбастап кеткендер.

 

Ауылымда елім, жұртым, қауымым,

Осында жүр ата- анам да, бауырым.

Шайқалмаған шаңырағым, берекем,

Менің үйім  ─ жұмағымсың, Ауылым!

 

Мен қаланы дей алмаймын кеш білдім,

Ал ауылда ақыл кіріп, ес білдім.

Ауылдағы аңқылдаған апама

Туа сала кіндігімді кестірдім!!!

 

Мен ауылдың баласымын, ауылдың!

Маған әсер ете қоймас дауылың.

Ошақ жағып, тезек жиып, мал бағып

Жастайымнан қатайған соң жауырын.

 

Кездерімде бұртиып-ақ қалатын,

Шешем менің жынымды әбден қағатын.

Мені ұрса, әжем байғұс жылайтын,

Ал, әкешім жұбатып ақ бағатын.

 

 

Маған серік болушы еді қозы-лақ,

Жүгітетін маған қарай жамырап.

Олар қазір үлкейген шақ, сонда да

Бәлкім, мені есіне алып сағынад...

 

Сүп-сүйкімді күшігім де бар еді,

Қырсық, қыңыр. Көптеу еді әлегі.

бұзауым да, ботақаным, құлыным,

Шөжелерім бәрі, бәрі әдемі.

 

Мен жақында ауылыма барамын...

Ұмытылып көмейімнен нала, мұң.

Мүмкін, мүмкін, бақыт тауып алам...

Бәлкім сонда мәңгілікке қаламын...