Махаббат па?!

Махаббат па?!
жеке
блог

Махаббат па?!


Махаббат па махаббат болған менде
Сезім болды ғой сезген менде сенде
Тағдырымыздың жазуы бөлек екен
Шарасызбыз тағдырға көнген пенде

Өкінбейміз махаббат қой баяғы
Қозыныңда қосылмаған Баяны
Көндігеміз тағдырға басқа жазған
Қалмады ғой басқа мүлде амалы

Менде кеттім сенде кеттің қарамай
Сол бір саябақ бәрін еске сала ма ай
Есіңе алма енді өткен шақтарды
Екеумізде айырлыстық емес пе қаламай
Ұмытамын демеймін ұмытпаймын

Сені өзіме жау деп те ұқпаймын
Ертегі де соңы болады ғой аяқталған
Бірақ махаббат ертегі емес аяқтайтын
Белгілі ғой қоштасудың болары
Сондықтан қош бақытым бұйырмайтын

10.06.22ж
ЛӘЗЗАТ ТАЛАСБАЙ