Қажет емес... ..Үмітімді сүйретпеу Қажет емес... ...Ғашық болып, күй реттеу Шырқағаның қажет боп тұр əніңді, Бірақ ол да сиректеу.
Тəңір егер қос мұңлықты қолдаса, Шұбар жолдар шыға қоймас онда аса. Сенен кейін жыламап ем негізі, Сəл көне алмай жүргендігім болмаса.
Семген сезім қажытқаны жауыр ғой. Түнде бізге келмейді ме тəуір ой? Тым болмаса тарту етші бір əнді, Үнсіз кеткен ауыр ғой...