Ғашық болғым келеді
Ғашық болғым келеді...ғашық болғым!
Сүйгенімді сағынып, асық болғым!
Махаббаттың бал дәмін сезініп бір
Тау суындай келеді тасып-толғым!
Мөлдір көзді көргім келед қадалған
Таң шығындай түнықтықтан жаралған.
Шырын сезім шарабына тойып ап
Ай астында бір қыдыру- ақ арман.
Сол болып жүр жүрегімнің тілегі
Аңсайды ол болса екен деп тірегі.
Көргім келде жас жігітті сыр ашқан
Қолына алып дүрсіл қаққан жүрегін!
Осы өлең маған қатты ұнайды.