Кеш жарық, поэзияны егізім деп білетін, өлең-жырға жаны құмар оқырман қауым. Бүгін сіздердің назарларыңызға Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнап жазған өлеңімді тарту етпекпін. Қабыл алыңыздар! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
Мәңгілік Ел-мұратым
Қауырсын сап жыр қаламын қолға алам,
Айтар сөзді мың ойланып, толғанам.
Мен қазақпын!Мақтанамын! Ұлымын!
Тәуелсіздік қызғалдағы – гүлімін!
Мен қазақпын!
Өткен талай сынақтан,
Бастауларым – мөлдір,тұнық бұлақтар.
Сүрінбестен, өттім үлкен жолдардан,
“Алға” деген ұран мені қолдаған.
Астым шың-құз, биік-биік қырлардан,
Жетеледі мені асқақ, бір арман.
Мен қазақпын!
Ұлылықтан жаралдым,
Сақ, үйсін, ғұн тайпалардан таралдым.
Бумын қаған кезеңінде құрылған,
Түрік елдің шаңырағы саналдым.
Мен қазақпын!
Ордам болған алтыннан,
Тайған жоқпын азат болу қалпымнан.
Тыныштықта ел болуға талпынған,
Хандық құрдым “Қазақ” атты Ар тұнған.
Хандарым бар Керей менен Жәнібек –
Сақтап тұрар керегемді Ант пен Серт.
Ақындарым, батырларым бір бүтін,
Рухы биік, жанған өрттей жыр бітім.
Күшейтуге күш салғандар Хандықты,
Қайраттанды, қайсарлықты, жанды ұқты.
“Тәуекел” деп сақтап қалған жерлерін,
Қасым, Есім, Жәңгір, Абылай – ерлерім.
“Ер есімі-ел есінде” сақталар –
Ерлер ісі – ұрпақ барда ақталар.
Қабанбайдай, Бөгенбайдай асылдар,
Наурызбайдай батыр туған ғасыр бар.
Мен қазақпын!
Не өтпеді басымнан,
Жігерленіп, рухы өрлеген, тасынған.
Мен қазақпын!
Аштықты да көргенмін –
«Алаш» болып талпынды елім, өрге мың.
Бауырыммен нан үзігін бөлістім,
Мың азабын көрдім азғын немістің.
Бірақ та мен құламадым, сынбадым,
Азат-қазақ болу – мақсат сындарлы.
Ызғарынан Желтоқсанның ықпадым,
Үміт, арман - бар ойымнан шыққаным.
Үмітім бе, қабыл болған дұғам ба,
Жылдар бойы жетелеген арман ба?
Тоқсан бірде «Тәуелсіздік» атты таң,
Шарықтадым, шат-шадыман, бақыттан.
Мен қазір - “Тәуелсіз” Ел ұланымын,
Елдіктің, азаттықтың ұранымын.
Елбасым бар Ел бағына бұйырған,
Әнұраным, Елтаңбам, Ту – сыйынғам.
Ынтымақты ту ететін халқым бар,
Мықты, азат қазақ деген атым бар,
Мақтан тұтам он сегіз миллион халқымды,
Асқақтатар, көкке өрлетер даңқымды.
Міне, қазір көп нәрсеге қол жетті,
Бақытына таусылмайтын мол жетті.
Жас қалам бар, бас қалам бар-Астанам!
Бойын түзеп болашаққа бастаған.
Дана халқым, тірек болған Елбасым,
Мәңгілік ел – мұратымыз ең асыл.
Бұл мұратқа жетеді елім сенемін,
Мен осыны тілеуменен келемін.
Құтты болсын ширек ғасыр – Тойымыз!
Мың ғасырға арқау болар ойымыз.
Ұлы Дала Елінің біз ұрпағы –
Ата берсін Азаттықтың ақ таңы!