Ілияс Жансүгіровке (арнау)

Ілияс аға өзіңмен тілдесейін,

Өрілген өлеңіңмен үндесейін.

Жалынды жырларыңмен сырласып бір,

Жыр ескегін өзіңмен бірге есейін.

Өзің жайлы жырымды жазам бүгін,

Өмірін жырлап өттің қазағымның.

Көз жасын көріп едің қалың елдің,

Естіп едің қазақтың азалы үнін.

Тәтті жыр тамсандырып төктің келіп,

Халқыңа жылуыңды өттің сеуіп.

Көкседің ақиқаттың аппақ туын,

Талпынып арманыңа жеттің келіп.

Сұңқардай суырылдың топтан озып,

Тұлпардайын тартып ең шапқан озық.

Әттең, бірақ «халық жауы» атандырып,

Құлагердей құлатты кеткен де озып,

Ақыным, Құлагерім, Ілиясым,

Жетік білген ән жырдың құпиясын.

Қазағыма шуақты күн боп шығып,

Жетісудың төрінен жымиясың.

Елің, жерің дәл бүгін құлпыруда,

Даласында ән қалқып, жыр тұнуда,

Көк туың туың көкке қарап желбіреп тұр,

Қазағың болашаққа ұмтылуда!!!



Бөлісу: