Жампоз ең әдебиетте озық туған,
Көзі ашық сол дәуірде белін буған.
Дарасың қазақ үшін ұмытылмас
Қарымды қаламымен таратқан тұлғам.
Халқымызға ежелден-ақ құт береке дарыған,
Ақын дана мекені,Жетісуда туылған.
Ана сүті,дәмі кетпей бес жастан
Қу ажал кеп,ананы баласынан айырған.
Ең алғаш өлеңінен байқалғаны,
Құйылған сөз тасқыны айқындалды.
Жас ақын жыр тізгінін ағытқанда
Қаламгер дара тұлға қалыптасты.
Күйші,күй,құлагердей поэмасы,
Таралған ой-сезімнің бар саласы.
Алуан сыр ашқан,кең жүрекпен,
Бір сарында жасаған,кең арнасы.
Уа,халайық ақын өмірі оңтайлықпен өткен жоқ,
Оныңдағы бір басынан қайғы қасірет кеткен жоқ.
Өкінішті халқым,елім дей жүргенде,
Алып тұлға кеудесіне жауыздықпен тиген оқ.