Лапиндос

Лапиндос
жеке
блог

Лапиндос

Шын майдангер шығады-ау сірə, менен,
Өмір-шың, өз жолымды жыра көрем.
Маман болам деп қоямын елден озық,
Адам бола алмай жүріп...
Қуа берем.

Келтіріп адамдықтың атына мін,
Аяққа таптап жүрмін ақын арын.
"Өмір- пəлен-түген" деп жыр жазамын,
Өмірді ұқпай жүріп...
Қатырамын.

Өзімді-өзім өлтіріп, күш беремін,
Түн жамылса түсініксіз түс көремін.
Есі дұрыс адамның асын ішіп,
Есалаңға ұқсайды істегенім.

Махаббат- бағаласаң құнды мұра,
Сезінбесең алынасың құлдығына.
"Сүю деген керемет" деп мақтап қойып,
Ешкімді сүйе алмаймын...
Жындымын ə?

(Авторлық өлең)