Орынды бердім төрімнен күзге,
Күрсінгін, ән сал, билеу ме?..
Күздің ішінен көрінген сіз бе,
Алтын шапақты күйме ме?
Тіл қаттыңыз ба, сыбдыр етеді,
Бақ ішін кезіп бір әуен.
Жылжиын десем, сыңғыр етеді,
Айналам - нота, гүл әлем.
'
""
Сіз маған бейне от болдыңыз ғой,
Шарпиды жалын демегем,
Жалт етіп бірден жоқ болдыңыз ғой,
Сыйқыр ма, әлде не екен?!
Айтыңыз неге көріндіңіз сіз,
Жан дүнием шаншып, күйреуде.
Елеске сонсоң бөліндіңіз сіз,
Күтетін сынды сый кеуде.
Басқаным мүлде топырақ емес,
Кешпеген күйім білемін.
Қарағаштағы жапырақ емес -
Дірілдеп тұрды жүрегім.
Не дейсіз енді керілген күзге?!
Қабағын мүлде түймеуге.
...Бәріне рұқсат берілген сізге:
Сөйлемеуге де, сүймеуге.